Бұл туралы ДТЭК энергокомпаниясы мәлімдеді.
ДТЭК сайтында мәлімделгендей, артиллериялық оқ ату жексенбі күні сағат 18:00-дар шамасында болған.
«Шахта өртенуде – шаруашылық жайлар отқа оранған. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Артиллериядан оқ ату салдарынан шахта толық тоқтан ажыраған. Апатты жою жоспары іске қосылды», — делінген хабарламада.
Ату кезінде шахтада су беру мен желдетуді қамтамасыз етуші кеншілер отбасынан тұратын апаттық бригада болған. Олар түгел сыртқа шығарылды.
«Шахташылар ауданында қақтығыс салдарынан кәсіпорында көмір өндіру 1 тамыздан бастап тоқтатылған. Шахтада жарылыс қаупі жоғары. Желдетусіз метан қоспасы көбейіп, жарылыс болуы мүмкін», делінген хабарламада.