Донецкіде бірнеше тұрғын дәретхана суын ішіп, ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Донецкіде бірнеше тұрғын дәретхана суын ішіп, ауруханаға түсті

Донецкіде бірнеше тұрғын дәретхана суын ішіп, ауруханаға түсті

Украинаның Донецк қаласында тұрғындар ауыз судан уланып қалды. Ондаған адамның дене қызуы көтеріліп, ауруханаға түскен.

  • 4 Маусым 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz

Кейіннен белгілі болғандай, бірқатар аудандардың тұрғындары бірнеше күн қатарынан ауыз су емес, дәретхананың қалдық суын тұтынып келіпті. Себебі:орталық су құбыры жүйесінде апат болып, кәріз суы ағатын арна жарылып кеткен. Осыдан кейін лас су тұрғындардың үйіне аға бастаған. Қазір апат орнында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда жапа шеккен тұрғындар коммуналдық мекемені дер кезінде ескертпегені үшін сотқа бермек.


Донецк қаласының тұрғыны
:

Судың түсі сарғыш болды, ал иісі тура қоғамдық дәретханалардан шығатын иіс сияқты. Барлығымыз құса бастадық, дене қызуымыз көтерілді, одан кейін ішіміз өтті. 

Соңғы жаңалықтар