Жарияланды: 50

Досаев Орталық қалалық клиникалық ауруханада болды

Досаев Орталық қалалық клиникалық ауруханада болды

Досаев Орталық қалалық клиникалық ауруханада болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлерімен кездесіп, Телемедицина орталығы мен медициналық мекеме бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

Ерболат Досаев аурухана қызметкерлеріне қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қызметтік борышын кәсіби атқарғаны үшін алғыс айтты. Қызметкерлер жарақат алғандар мен зардап шеккендерге, әскери және азаматтық тұлғаларға бас сүйек-ми және атыс жарақаттары бар адамдарға көмек көрсетті.

Қаңтардың қайғылы оқиғалары кезінде клиникаға барлығы 300-ден астам зардап шеккендер жүгінді. Дәрігерлер 250-ден астам операция жасады. Көптеген пациенттерге олардың жағдайын тұрақтандыру және өмірге қауіп төндірмеу үшін алғашқы шұғыл ота жасалды.

Кездесу барысында қала басшысы қабылдау бөлімінің, ота залының, реанимация және офтальмологиялық бөлімшенің жұмысымен танысты.

Алматы әкімі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жаңа корпусы құрылысының барысын бағалады. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Кездесу соңында Е. Досаев медициналық мекеме және Қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығымен өзекті мәселелерді және одан әрі даму жоспарларын талқылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін