Жарияланды: 160

«Дос-Мұқасанның» бұрынғы мүшесі қызметке тағайындалды

«Дос-Мұқасанның» бұрынғы мүшесі қызметке тағайындалды

Атақты топты құрушылардың бірі Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды

Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сейсмология институты» ЖШС-ның директоры болып Досым Сулеев тағайындалды. Ол қызметіне 24 ақпаннан бастап кіріседі. Оған дейін директордың міндетін басшының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков атқарады», - деп хабарлады аталған институттан.  71 жастағы Досым Сүлеев ҚР ҰҒА президиум мүшесі. Ол 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сондай-ақ, Досым Сүлеев «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі ретінде танылған.

Айта кетейік, Сейсмология институтына 12 ақпанға дейін Әнуар Боранбаев басшылық етті. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть