Досым Сәтпаев Ақтөбедегі жағдай туралы тарап жатқан мәліметтерді «ақпараттық ботқаға» теңеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Досым Сәтпаев Ақтөбедегі жағдай туралы тарап жатқан мәліметтерді «ақпараттық ботқаға» теңеді

Досым Сәтпаев Ақтөбедегі жағдай туралы тарап жатқан мәліметтерді «ақпараттық ботқаға» теңеді

 

  • 7 Маусым 2016
  • 457
Фото - Caravan.kz

Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтбаев Ақтөбедегі жағдай мен төңкеріс туралы деректерді «ақпараттық ботқаға» теңеді, — деп хабарлайды Qamshy.kz theopenasia.net – ке сілтеме жасап.

Саясаттанушы қазір елде түрлі діни ағымдарлдың радикалдануы орын алып отырғаны, ал, тиісті органдар олармен күресте стратегиялық тетіктерге ие бола алмай қалғанын айтады. Оның ойынша, Ақтөбедегі жағдай – адамдарды саяси мақсаттарға пайдалану.

Ал, «Мемлекеттік төңкеріс» жасамақ болды деп айыпталып отырған Тоқтар Төлешов туралы мәлімет таратуды да саясаттанушы түсінбеушілікке толы деп отыр. «Мұндай ақпараттар биліктің өзіне кері әсер етеді. Бұрын қайда қараған деген сұрақ туады. Осыған дейін ел аумағындағы митингтерді Батыспен, АҚШ-пен байланыстыру сипат алды. Енді мына айып тағылып отырған Т. Төлешов ресейлік ұйымдармен байланысы жақсы болғанын білеміз. Ал, бұл айыптаулар АҚШ-қа емес, таяқтың бір ұшын Ресейге, ресейлік арнайы органдарға бұрып жібермей ме?», — дейді Д. Сәтбаев.

Сарапшы құқыққорғау органдары 20 жыл бойы назар аудармай келген қателіктерді түзеуге кіріскенін айтады. Бірақ, тиімді алдын алу жұмыстарына үміт артуға болмайтын көрінеді.


«Бізде кәсіби теологотар аз, бізде радикалды ұйымдардың қатарына енген күштік құрылымдардың өкілдері аз, мұсылмандар діни басқармасы нашар жұмыс істеп отыр. Бұрын имамдардың тек 30 пайызы ғана діни білімге ие деп айтылатын. Осыдан кейін біз идеологиялық соғыста жеңіліп жатқанымызға таң қалады», — дейді Д. Сәтбаев.

Соңғы жаңалықтар