Дұғасы қабыл кісілер - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дұғасы қабыл кісілер

Дұғасы қабыл кісілер

Дұға ету - Алла Тағаладан қажетін сұрау, жақсылықты үміт ету не жамандықты қайтару мақсатында медет тілеу деген мағынада. 

  • 9 Сәуiр 2018
  • 515
Фото - Caravan.kz

Дұғасы қабыл кісілер:

* Үнемі Аллаһ Тағаланы ұмытпайтын кісінің дұғасы.

* Мазлұм, яғни, жәбір көрген пенденің дұғасы.

*  Әділ имамның немесе әділ билеушінің дұғасы.

"Үш адамның дұғасын Аллаһ Тағала қайтармайды: Аллаһты көп зікір етушінің, жәбірленген жанның және әділ имамның". (Әл-Бәйһақи)

"Кәпір болса да мазлұмның дұғасынан сақтаныңдар! Өйткені оныің дұғасына бөгет жоқ". (Ахмад)

* Хазірет Жүністің, алейхиссалам, дұғасымен дұға етушінің.

Оның балық ішінде еткен дұғасы:

"Иә, Аллаһ Тағала! Сенен басқа Тәңір жоқ! Сен кемшіліктен пәксің! Мен шынында өзіме зұлымдық етіп қойдым." Қай жағдайда болмасын мұсылман пенде бұл дұғамен тілек етсе Аллах оның дұғасын қабыл етеді. (Әт-Тирмизи, Ахмад, Нәсәи, Хаким). 

* Кеңшілікте де, таршылықта да дұғада болушының. 

"Кімде-кім қиыншылық сәттерінде дұғасы қабыл болуын қаласа — кеңішілік кездердеАллаһ Тағалаға көп дұға етсін!". (Әт-Тирмизи, Хаким)

Ораза тұтушының.


Мүсәпірдің, яғни, жолаушының. 

"Үш түрлі дұға қабыл: Ораза ұстаушының, жәбір шеккеннің және мүсәпірдің". (Әль-Байһақи)

Атаның баласына тілеген тілегі. 

"Үш түрлі дұға қабыл, оған күмән жоқ. Ол мазлұмның (жәбір көрушінің), мүсәпірдің және ата-ананың баласына қылған дұғасы". (Ибн-Мәжә, Әбу Дәуд)

Мұсылманның мұсылманға дұғасы.

"Бір мұсылман басқа мұсылман бауырына сырттай дұға қылса, періштелер оған :"Саған да болсын!" дейді". (Муслим)

Тақуалар мен ізгі адамдардың. 

* Ата-анасының хақысына дұға етуші ізгі ұрпақтың.

"Расында Аллаһ Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасымен) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: "Бұл ненің себебінен?" — деп сұрайды, Аллаһ Тағала: "Сенің ұрпақтарыңның дұғасы себепті", — деп жауап береді". (Әл-Баззар).

Аллаһ Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар