Дүйсенова болашақта қай мамандықтардың жойылуы мүмкін екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүйсенова болашақта қай мамандықтардың жойылуы мүмкін екенін айтты

Дүйсенова болашақта қай мамандықтардың жойылуы мүмкін екенін айтты

[wpcode id="1694287"] ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болашақта қай мамандықтардың жойылуы мүмкін еке

  • 10 Наурыз 2017
  • 1001
Фото - Caravan.kz


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болашақта қай мамандықтардың жойылуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрге үкіметтегі баспасөз конференциясында жаңғырту бағдарламасына байланысты қай мамандықтардың алынып тасталатынын және қай мамандықтардың қажеттілігі артатыны жайлы сұрақтар қойылды. Тамара Дүйсенованың айтуынша, болашақта көмір өнеркәсібі саласы алынып тасталуы мүмкін. "Қазір қарап отырсақ, бізде паравоз өндірісімен ешкім айналыспайды. Мұндай сала да жоқ. Сондай-ақ, хатшы-машинист мамандығы жоқ. Бұрын олар машиналарда басып шығарумен айналысатын. Ал бүгін біздің күнделікті өмірімізде компьютердің рөлінің артқаны соншалықты қазір бізде ондай мамандарды дайындамайды. Бүгінде бізге қай салалар керек? Біз үлкен жұмыс тобын құрдық. Көмір өнеркәсібін алып тастауымыз мүмкін. Иә, қазір Еуропада көмір өндірісімен айналысатын шахталар көп. Мен осы мәселе бүгін немесе ертең шешіледі деп айта алмаймын. Бұл мәселе 20 жылдай қаралуы мүмкін. Сондықтан біз бүгін көмір өнеркәсібі саласындағы барлық мамандық бойынша жұмыс істеуіміз керек", — деді министр. Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа технологиялар жұмыс күшінің орнын басып жатыр. "Ол жерде бұрын 10 адам жұмыс істеу керек болса, қазір онда тек бір адам жұмыс істеп жатыр. Себебі барлық жұмыс компьютер арқылы істеліп жатыр. Осыған байланысты екі бағытта жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, тау кенді игеру өнеркәсібіне жаңа технологияларды енгізу мәселелері де қарастырылып жатыр", — деді Тамара Дүйсенова.
 

Соңғы жаңалықтар