Дүние үшін шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына өкпем қара қазандай - Тоқтар Серіков - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүние үшін шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына өкпем қара қазандай - Тоқтар Серіков

Дүние үшін шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына өкпем қара қазандай - Тоқтар Серіков

Танымал әнші Тоқтар Серіков өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына өкпелі екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап.

  • 3 Ақпан 2023
  • 774
Фото - Caravan.kz

“Қазақта “тек” деген сөз бар. Тегі, тамыры мықты адамның ұрпағы адаспайды. Дүние үшін, санаулы уақытқа бақыттан басы айналып шетелдікке тиіп жатқан қазақ қыздарына өкпем қара қазандай. Жалпы басқа ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары жөнінде көп пікір айтқанмын. Бұған бір заң шығу керек сияқты. Кімнен жасқанамыз, кімнен қорқамыз? Неге менің қарындасым ұлты, діні басқа, танымайтын өзге біреуге тиеді? Қарындастарымның өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына бір кісідей қарсымын. Бірінші осыны Алладан сұраймын, екінші ел басында отырған азаматтардан осы жағдайға қарсылық білдіріп, заң шығарса екен деймін”, – деп өнер иесі өз ұсынысын білдірді.

Қазақ халқының жасқаншақ болып бара жатқанына саясаттың ықпал еткенін айтып, тіл мәселесін көтерген әнші сұхбат барсында көз жасына ерік берді. 


Соңғы жаңалықтар