Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі төрағасы Қазақстанның көршілес елдермен достық байланысына жоғары баға берді
Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі (ДЕК ) Қазақстанның және Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көршілес елдермен орнатқан тығыз достық байланысына жоғары баға береді . Бұл туралы бүгін, 17-маусымда Дүниежүзі Еврейлері Конгрессінің төрағасы Исраэль Зингер Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін атап көрсетті. |
И.Зингер әсіресе Н.Назарбаевтың діндер мен діни конфессиялар арасында жылы арабайланыс орнатуға деген талпынысын жоғары бағалады. "Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі президенттің бұл бастамаларын толық қолдайды",- деді И.Зингер.
Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі төрағасы сондай-ақ, Н.Назарбаевпен екі арадағы әңгіме барысында 2003-жылдың күзінде Астанада өткізуге межеленген діни Конгресске дайындық жұмыстары туралы талқыланғанын хабарлады.
"Барлық елдер мен діндер үшін айрықша маңызды бұл жобаны ДЕК қолдайды" ,-деді ол.
И.Зингер аталмыш жобаның егжей-тегжейі туралы Дүниежүзі Еврейлерінің Конгрессі президент әкімшілігімен бірлесе отырып дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін бірнеше аптада хабарлауға уәде берді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін