Ақпарат орталығы хабарлағанындай, ДАБ бір ай бұрын донор мемлекеттерге азық-түліктер мен отынның қымбаттауына байланысты төтенше жағдаймен төрт аптаның ішінде шығындарды өтеу үшін $500 млн қаржыны бөлуді сұраған болатын. Бүгінгі күні донорлар $14 млн бөлген.
«Әлемдегі 80 елдің 73 млн адамы ДАБ төтенше көмегіне зәру болып отыр. Алайда олардың басым бөлігі көмекті ала алмау қаупі бар», — деп хабарлайды ақпарат орталығы.
ДАБ туындаған жағдайды өзі шешуге талпынды. Өткен жылы операциялар жүргізіліп жатқан аудандарда орналасқан 80 дамушы ел үшін жөнелтілген азық-түлік көлемі 30 пайызға ұлғайтылды. Соның салдарынан көлік шығындары қысқартылды. Соған қарамастан ұйым өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда бүгінгі күні азық-түлік үшін 55 пайызға артық қаржы жұмсап отыр. Сөйтіп Римдегі ДАБ штаб пәтерінде азық-түлік пайлары мен оны алатындар саны қысқартылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті