Дүниежүзілік банк "Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы СПИД эпидемиясына қатысты туындаған дағдарыстардың алдын алу жолдары" атты бағдарламаны жүзеге асыра бастады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік банк "Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы СПИД эпидемиясына қатысты туындаған дағдарыстардың алдын алу жолдары" атты бағдарламаны жүзеге асыра бастады

Дүниежүзілік банк "Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы СПИД эпидемиясына қатысты туындаған дағдарыстардың алдын алу жолдары" атты бағдарламаны жүзеге асыра бастады

Дүниежүзілік банк "Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы СПИД эпидемиясына қатысты туындаған дағдарыстардың алдын алу жолдары" атты жаңа аймақтық бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы 17-қыркүйекте таратылған хабарламада айтылған.

  • 17 Қыркүйек 2003
  • 1059
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, сарапшылардың бағалауынша, аймақ тұрғындарынан 1,2 млн. адам ВИЧ және СПИД жұқтырған. Сондай-ақ, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы 28 мемлекет арасында науқастар саны бойынша әдәуір айырмашылық байқалады. Еуропа мен Орталық Азия аймағында ВИЧ жұқтыру деңгейі дүниежүзінің басқа аймақтармен салыстырғанда біршама жоғары. Бұл — осы өңірдегі иньекциялық нашақорлықтың белең алуымен, жыныс жолдары арқылы таралатын аурулардың молаюымен және құрт ауруының таралау қарқынымен байланысты болмақ. Әсіресе бұл соққы жастарға қаттырақ тиюде.

ВИЧ-тің таралу қарқыны эпидемиялық сипатқа көшіп, тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігін қамтыған жағдайда елдердің экономикалық даму қарқыны 0,5-1,0 процентке кеміп, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығын мөлшері 1-3 процентке артады. Әсіресе дүниеге келетін тұрғындар саны азая түскен Молдова, Ресей және Беларусь секілді елдерде басқаның қарауындағы тұрғындар санының артуы әлеуметтік қорғау жүйесіне артықша күш түсірмек.
«Қазіргі таңда Еуропа мен Орталық Азия елдері бұл мәселеге баса назар аудара бастады, дейтұрғанмен ондағы бағдарламалардың ауқымы өте тар»,- дейді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі жетекші маманы Олусоджи Адейи. «ВИЧ пен СПИД індетінің алдын-алу бағытытнда кең көлемді бағдарламаларды жүзеге асыру жәәне тиісті көмек-жәрдем көрсету үшін 2007-жылы дегенде барлық көзден жұмсалатын жалпы қаржыландыру көлемі 1,5 млрд. долларды құрауы тиіс. Ал 2001-жылы небәрі 300 млн. доллар бөлінді. Сондай-ақ, ВИЧ/СПИД-ке қатысты нәтижелі шараларды қолдау бағдарламаларының ақпараттық қамтамасыздық деңгейін арттыру және аймақтағы тиімді әрекеттердің жолындағы кедергілерді жоюдың маңызы зор»,- деді ол.
Еуропа мен Орталық Азияда ВИЧ/СПИД індетінің ауқымы арта түскеніне қарамастан эпидемияға қарсы нақты бағытты әрі өзара келісілген шараларды тез арада қолдану — болашақтағы әлеуметтік-экономикалық ұлығаусар шығындардан құтқаруы мүмкін деген позиция Дүниежүзілік банктің жаңа аймақтық стратегиясына арқау болып отыр.
Бұл стратегияда ВИЧ жұұқтырудың алдын алуға баса назар аударылуда. Бұл орайдағы маңызды факторлар қатарында қанның қауіпсіздігін сақтау, есірткіні инемен тұтынушылардың нұқсанды әсерін азайтуға шаралар қолдану, тәнін сатушылар мен олардың қызметін тұтынушылар арасында ВИЧ-тің таралуына жол бермеу бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, қамаудағылар бұрынғы түрме тұтқындары арасында осындай жұмыстар жүргізу шаралары аталды.
Стратегия авторлары ВИЧ жұқтырғандарға сапалы жәрдем көрсетудің тұрақты жүйесін құру және аймақтағы ВИЧ пен құрт ауруының қатарынан таралу құбылысымен күрес жүйесін қалыптастыру қажеттігін атап көрсетуде. Дүниежүзілік банк аймақ елдірің өз аясында ВИЧ/СПИД және құрт ауруына қарсы күреске бағытталған кең ауқымды бағдарламалар жобасын жасап жүзеге асыруға қолұшын беруге әзірлік танытып отыр.
Банк ВИЧ/СПИД-ке қарсы ғаламдық коалиция аясында жұмыс жүргізуде. Ол сондай-ақ, БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД бойынша Біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) тең дәрежелі демеушісі әрі СПИД-пен, құрт ауруымен және малярия індетімен күрес жөніндегі ғаламдық қордың қамқоршыларының бірі болып табылады. Дүниежүзілік банк ВИЧ/СПИД-пен күрес бағдарламасын үкімететр, үкіметтік емес ұйымдар, көп жақты агенттіктермен ықпалдастық аясында жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар