Дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де тыс қалмайды - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де тыс қалмайды - Елбасы

Дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де тыс қалмайды - Елбасы

Дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де тыс қалмайды.

  • 20 Тамыз 2015
  • 490
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ақордада негізгі экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Соңғы жылы әлемдік экономикалық ахуал едәуір төмендеді. Барша дүниежүзінде экономиканың нашарлағаны бәрімізге көрініп отыр. Дағдарыс барлық бағытта, яғни шикізат тауарларына, валюта, қаржы нарықтарына әсер етуде. Бұл дамушы және дамыған мемлекеттерде орын алып отырған жағдай. Шикізат тауарларына баға барша әлемде төмендеді, сондықтан біздің бюджетке түсетін қаржының ауқымы едеуір төмен болды. Біз бұрын мұндай жағдайлардың талайынан өтіп келе жатырмыз. Кеңес одағы құлағаннан кездегі жылына екі мың пайыз инфляциядан өткеніміз естеріңізде болар. Барлық зауыттар мен фабрикалардың тоқтап, екі миллион адамның жұмыссыз қалғаны, зейнетақы мен жалақы төлей алмай қалғанымыз белгілі. Бұл өте қиын-қыстау заман болатын», — деп еске салып өтті Президент.
Осы орайда Елбасы одан бері бірқатар дағдарыстар орын алғанын, алайда Қазақстан осы сын-қатерлердің барлығын еңсергенін атап өтті.
«Қанша бағдарламалар жасасақ та, өмір мен жағдай алдымыздан қиыншылықтарды алып келеді. Қазір де осыдай қиыншылыққа тақап тұрмыз. Бұл дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де тыс қалмайды. Қазақстан әлем мемлекеттерімен, экономикалармен байланысы бар ел. Сондықтан бұл дағдарысқа алдын ала барлық жағынан дайындалып, еңсеруіміз керек. Осы мәселені түсіндіру үшін жиналып отырмыз», — деді Мемлекет басшысы.