Жарияланды: 1200

Дүниежүзілік діндер құрылтайы бейбітшілік үшінгі ынтымақтастықты нығайтуға түрткі болады - францисканшылар өкілі

Астанада өтетін дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы "дүниежүзіндегі барлық діндердің жер бетіндегі бейбітшілік үшінгі ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға түрткі болады". Бұл туралы бүгін, 22-қыркүйекте Астанадағы Елбасы сарайында президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Италияның Ассизи қаласынан келген кіші монахтардың бас министрі Томас Джиермек (Отец Иоаким) осындай пікір білдірді.

"Біздің басты мақсатымыз - жер бетіндегі ынтымақ-бірлік үшін тер төгуге мүмкіндік алу болып табылады",- деді ол. Томас Джиермектің хабарлауынша, Құрылтай отырыстарының нәтижесінде әрбір делегация жоғарыда аталған мақсатқа жетудің өзіндік декларациясын ортаға салады. Құрылтайға қатысушы францисканшылар өкілдерін қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев "францисканшылар ордені Астанадағы құрылтайдың өтуіне көп еңбек сіңірді",- деп атап өтті. "Біз Ассизиден басталған эстафетаны Астананың одан әрі жалғастырғанына өте қуаныштымыз ",- дей келіп мемлекет басшысы құрылтайға қатысушылардың жұмысы жемісті болуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз деп атап көрсетті. Өз кезегінде Томас Джиермек осындай ауқымды жиынды жоғары деңгейде ұйымдастығаны үшін Қазақстан мемлекет басшысына ризашылық білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть