Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,03-0,79 процентке арзандады
14-шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,03-0,79 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 0,79 процентке арзандап, әр барреліне 28,97 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,03 процентке арзандап, 31 доллар 27 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін