Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,56-3,25 процентке арзандады
21-шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 3,25 процентке арзандаса , NYMEX шикізат биржасында 0,56 процентке арзандады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,0 долларға дейін арзандады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,56 проценке арзандап 31 доллар 78 центті құрады .
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін