Жарияланды: 470

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,65-0,79 процентке арзандады

8-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,79 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,65 процентке арзандады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы 0,79 процентке арзандап, әр барреліне шаққанда 30,02 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,65 процентке арзандап 32 доллар 18 центке дейін төмендеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін