Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,06-2,62 процентке арзандады
16-қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,62 процентке , NYMEX шикізат биржасында 2,06 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 26,00 долларға дейін төмендеді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 2,06 процентке арзандап 27 доллар 56 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін