Дүниежүзілік қайырымдылық рейтингісінде Қазақстан 101-ші орында тұр
![]() |
Дүниежүзілік қайырымдылық рейтингісінде Қазақстан 121-ші орыннан 101-ші орынға шыққан. |
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Президент жанындағы Отбасы жəне əйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Бауыржан» қоғамдық қайырымдылық қорының директоры Жұлдыз Омарбекова мəлім етті.
«Өздеріңіз білесіздер, «Бауыржан» қайырымдылық қоры тоғыз жылдан бері «Алтын жүрек» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл - қайырымдылық саласында берілетін Қазақстандағы жалғыз сыйлық. Біздің есебіміз бойынша, биыл Қазақстанда 12 млрд. теңге қайырымдылыққа жұмсалған екен»,-дейді ол.
Ж.Омарбекова сондай-ақ, Қазақстан қайырымдылық рейтингісі бойынша əлемдегі өз позициясын жақсартқанын, бұл өз кезегінде, қоғам дамуының басты көрсеткіші екенін атап өтті.
«Дүниежүзілік қайырымдылық рейтингісінде Қазақстан 121-ші орыннан 101-ші орынға көтерілді. Бұл біздің қоғамымыздың дамып келе жатқанын көрсетеді. Қанша дамыған ел болса да, ол мемлекетте көмекке мұқтаж жандар табылады»,-деді сөзін түйіндеген ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін