БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы — ЮНЕСКО 5 қазанда атап өтілетін Бүкіләлемдік мұғалімдер күніне орай дүниежүзіндегі мұғалімдер тапшылығына назар аударды.
ЮНЕСКО сарапшылары мұғалімдердің жалақысының төмендігіне, кластарда балалардың лықа толып отыратындығына, ұстаздардың кәсіби дайындық деңгейінің төмендігіне назар аударуды сұрайды. Олар мұғалімдердің жетіспеушілігі өткір мәселе күйінде қалып отырғанын атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті