Душанбе қаласында қыркүйектің екінші жартысында ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кездесуі өтеді
Трансұлттық қылмыс-қайшылықпен күрес саласындағы өзара ынтымақтастық пен өзара іс-қызмет үйлесімділігін жақсарту мақсатымен қыркүйектің 21-23-жұлдызында Душанбе қаласында ТМД-ға мүше елдердің құқық қорғау органдары басшыларының кездесуі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан Ішкі істер министрлігінен хабарлады. |
Кездесуге қатысу үшін Душанбеге Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Борис Грызлов келеді деп күтілуде. ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, отырыстың күн тәртібінде қылмыспен, лаңкестік және экстремизммен күрестің жаңа тәсілдері және бірлескен іс-қимылдар жөніндегі мәселелер талқыланады деп күтілуде.
ТМД елдері ішкі істер министрлері кеңесінің жиналысында Тәжікстан және Ресей арқылы Ауғанстаннан есірткі таралуымен күрес мәселесіне де айрықша назар аударылмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін