Медиа-ұйымның құрылтайшыларының бірі Адолати Мирзоның хабарлауынша, жаңа қауымдастықтың мақсаты ТМД елдерінде және бүкіл дүниежүзінде жұмыс істеп жүрген парсы тілдес журналистерді қорғау болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, ұйымды құру идеясын алғаш рет 2007 жылдың 11-12 наурызында Душанбе қаласында өткен парсы тілдес журналистердің бірінші форумына қатысушылар айтқан болатын.
Онда сол кезде Ауғанстан, Иран, Ресей Федерациясы, Өзбекстан елдеріндегі 60-тан астам БАҚ өкілдері қатысқан еді.
Форум аясында Парсы тілдес журналистердің халықаралық қауымдастығы құрылған. Ал оның төрағасы болып А. Мирзо сайланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті