Жарияланды: 640

Дүтбаев, Тоқмәди және Бишімбаев қандай түрмеге түсетіндерін өздері таңдайды

Дүтбаев, Тоқмәди және Бишімбаев қандай түрмеге түсетіндерін өздері таңдайды

Қуандық Бишімбаев, Нартай Дүтбаев пен Мұратхан Тоқмәди қандай түрмеге отыратындарын өздері шешеді.

Үшеуіне де колония таңдау еркі берілгені белгілі болды. Ол тұрғылықты мекен-жай бойынша немесе жауапқа тартылған аймақ бойынша түрме болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.

Танымал сотталушылардың қай жерде жазасын өтейтіні әзірге белгісіз. Алайда үшеуіне де, яғни Мұратхан Тоқмади, Нартай Дүтбаев пен Қуандық Бишімбаевқа колония таңдау мүмкіндігі беріліп отыр.

Мұндай колониялар саны елімізде бірнешеу. ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев Қарағанды немесе Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың біріне жіберілуі мүмкін. Себебі дәл осы аймақтарда бұрынғы сот және полиция қызметкерлеріне арналған колониялар бар. Алайда түзеу мекемелері сот бекіткен режімге сай болуы тиіс.

«Арнайы режім әр облыстағы колонияларда қарастырылмаған. Сондай-ақ, сотталғандар өз туыстары тұратын қалада жазасын өтей алады. Ол үшін сотталушы өтініш жазып, қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жүгінуі керек. Әдетте біз мұндай жағдайларда келісім береміз», – дейді ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінің бас маманы Аглая Тұрланова.

Дәл осындай мүмкіндік «шыны патшасы» Мұратхан Тоқмәди мен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа беріледі.

Ережеге сәйкес, сотталушы тұрғылықты мекен-жайына қарайтын колонияда жазасын өтейді. Бұл орайда журналистер жоғары шенді экс-шенеуніктер мен кәсіпкер қандай камераға түсуі мүмкін екенін журналистер анықтап көрді.

«Әзірге сотталған Тоқмәди немесе Бишімбаев бөлек не жалпы камерада жатады деп нақты айта алмаймыз. Барлығы режімге байналысты», – дейді Аглая Тұрланова.

Таяу күндері екі экс-шенеунік пен кәсіпкер тәртіпті түзеу мекемесіне жіберіледі. Әзірге істі болған үштік комитетке өтініш жолдады ма, жоқ па, белгісіз.

Еске сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ақша жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге бұрынғы БТА банк басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға үкім кесті. Ал мемлекеттік құпияны таратып, билікті өз пайдасына пайдаланған Нартай Дүтбаев 12 жылға сотталып кетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін