Дүкенге ашқарынмен шықпа! Ақшаны үнемдеуге көмектесетін кеңес - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүкенге ашқарынмен шықпа! Ақшаны үнемдеуге көмектесетін кеңес

Дүкенге ашқарынмен шықпа! Ақшаны үнемдеуге көмектесетін кеңес

Күннен-күнге азық-түлік қымбаттап жатыр. Ал жалақының аздығы көп нәрсеге қол байлады.

  • 25 Сәуiр
  • 30
Фото: ашық дереккөз

Азық-түлікке жұмсалатын ақшаны үнемдеуге көмектесетін біршама кеңесті Caravan.kz медиа порталы Aikyn.kz-ке сілтеме жасап ұсынады. Бір нәрсеге ерекше мән беріңіздер: дүкенге ашқарынмен барма!

Себебі, адам ондай кезде азық-түлікті ақылмен емес, тез арада тамақ жеуді ойлап тұрып алады. Ал ол артық шығынға әкеледі. Сол үшін үйден тойып тамақтанып шыққан дұрыс екен.

Дүкенге бір зат үшін кіріп шықсаң да, соны ғана алуды әдетке айналдыр.

Үйге қажет деген азық-түлік тізімін жасап алған жөн. Әйтпесе, супермаркетте көздің жауын алатын зат көп. Қызыққан адам, тіпті, өзіне қажет азықты алмай шығуы да мүмкін.

Егер дүкенге баламен барсаңыз, үйден шықпас бұрын алғысы келетін заттарын сұрап, тізімге қосыңыз. Ауладағы дүкенге бір зат үшін кіріп шықсаңыз да, соны ғана алуды әдетке айналдырыңыз.

Тоңазытқышта не бар, не жоғын көріп ал.

Үйге керек азықты алу үшін, алдымен, тоңазытқышта не бар, не жоғын көріп алған дұрыс.

Ол үшін бір параққа үш бөлікке бөлінген кесте сызып, тоңазытқышқа іліп қойыңыз.

Бірінші бағанға 2-3 күн сайын сатып алу керек азық-түлікті жазыңыз. Мысалы:

-нан, ботқаға және сүтке қосатын сүт және таңғы асқа қажетті жұмыртқа.

Екінші бағанға 1-1,5 аптада алу керек өнімдерді қосыңыз. Мысалы:

-макарон, ет өнімдері, тұздықтар (томат пастасы).

Ал үшінші бағанды 1 ай немесе одан да көп уақытқа жететін өнімдерге арнаңыз. Мысалы:

-жарма, ұн, қант және т.б жатуы мүмкін.

Дүкенге жақсы көңіл күймен барған жақсы

Сонда аяқасты қажетсіз заттарды алмайсыз. Оған қоса, азық-түлікті асықпай қарайсыз әрі акциялық тауарларды да көбірек табасыз. Сосын азық-түлікті таныс жерден алған жөн. Өзіңіз жақсы білетін супермаркеттің ішінде қай затты қай бөлімнен алуға болатынын білесіз. Әйтпесе, шаршап немесе асығып тұрғанда белгісіз дүкеннің ішін шарлап, іздеп жүріп, қажетсіз әрі қымбат зат алып шығуыңыз әбден мүмкін.

Жеміс-жидек пен көкөністі базардан алыңыз

Қаладан демалыс күндері өтетін жәрмеңке тауып алған дұрыс. Себебі супермаркеттерге қарағанда онда жеміс-жидектің жаңа піскен түрі көп әрі бағасы да қолжетімді болады.

Соңғы кеңес: кей өнімді артығымен алыңыз. Мысалы, қажет деген жарма, макаронды, ұнды және дәмдеуіштерді үлкен қаптамада алған жөн.

Сол секілді үй жинауға және гигиенаға арналған тауарларды да көп мөлшерде ұсынылған түрін алыңыз. Өйткені кішкентай қаптамадағы азық-түліктен гөрі оның үлкені сәл арзанырақ шығуы мүмкін. Алсаңыз, бұл өнім көпке дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар