Дж. Царнаевпен бірге оқитын екі қазақстандық студент өздеріне тағылған айыптан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дж. Царнаевпен бірге оқитын екі қазақстандық студент өздеріне тағылған айыптан бас тартты

Дж. Царнаевпен бірге оқитын екі қазақстандық студент өздеріне тағылған айыптан бас тартты

Бостондағы марафон жарысында болған жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деген айып тағылған Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов өздерін кінәлі емеспіз деп мәлімдеме жасады, деп хабарлады Би-Би-Си.

  • 14 Тамыз 2013
  • 351
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық Қадырбаев пен Тажаяқов — осы іс бойынша негізгі айыпталушы Джохар Царнаевтың университетте бірге оқитын достары. Екеуінің де жастары 19-да.

Қадырбаев пен Тажаяқовтың ата-аналары сот залында болды. Осы іс бойынша сот отырысы 26 қыркүйекке белгіленді. Прокурорлар 15-тен 20-ға дейін куәгерді қатыстыруды жоспарлап отыр. Сот процесі екі аптаға жалғасады деп күтілуде.

Өткен аптада төрешілер оларға қатысты қылмыстық іске қатысы кедергі келтірді деген қорытынды шешім шығарған болатын.

Оларды тергеуге кедергі келтіргендері және қылмыскерге көмек көрсеткендері үшін 20 жыл, тергеуге кедергі келтіру мақсатымен алдын ала келісім үшін 5 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін, сонымен қатар 250 мың доллар айыппұл және 5 жылға дейін ашық сот қарауында болады.