Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі New Strait Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Вируспен күресте "Ғылым мен технология — кілт, көптеген адам бұл ойымды қолдайды деп ойлаймын және емі мүмкіндігінше ерте ойлап табылады деген үміттемін", — деп келтіреді басылым әртістің сөзін.
Жеке тұлға болсын, ұйым болсын — кімде-кім вирусқа антидот жасап шығаратын болса, оған актер сыйақы беруге уәде етті. Актер ниеті дұрыс түсінілмей қалмауын өтінді.
"Мәселе ақшада емес. Бір кездері адам толып жүретін көшелердің бос қалғанын көргім келмейді, отандастарым вируспен өлгенше күрескенін көргім келмейді, олар өмірдің рахатын көруі тиіс", — деді ол.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус құрбандарының саны 811-ге жетті, 37,1 мың адам ауру жұқтырған, 2649 адам емделіп, ауруханадан шығарылған.