Джеки Чанның ұлы тұтқынға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джеки Чанның ұлы тұтқынға алынды

Джеки Чанның ұлы тұтқынға алынды

Атақты әртіс Джеки Чанның ұлы Джейси Чан Бейжіңде есірткі қабылдағаны үшін ұсталды. Бұл туралы   "South China morning post" газеті хабарлады.

  • 19 Тамыз 2014
  • 731
Фото - Caravan.kz

Фан Цзумин атымен танымал 32 жасар музыкант және әртіс тайвандық кинематограф Кэ Чжэньдонмен бірге тұтқынға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы ашып айтылмай отыр.

Джейси Чан 1982 жылы 3 желтоқсанда Лос-Анджелесте ата-аналары некеге отырғаннан кейін бір күннен кейін дүниеге келген.

АҚШ-та өскен. Санта-Моника жоғары мектебін бітірген және Уильямсбергте (Вирджиния штаты) "Уильям энд Мэри" колледжіне түскен. Алайда онда екі семестр ғана оқыған.

Ол Лос-Анджелесте әртістік шеберлік пен билеуді, сондай-ақ үш жыл бойы классикалық гитарада ойнауды үйренген. 20-дан астам фильмге түскен.