Джон Грегори кезінде аты дүркіреген «Қайратты» жандандырамын деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джон Грегори кезінде аты дүркіреген «Қайратты» жандандырамын  деп отыр

Джон Грегори кезінде аты дүркіреген «Қайратты» жандандырамын деп отыр

Волейболдан Қазақстан чемпионы «Жетісу» командасы 19-25 маусым аралығында Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына аттанады.

  • 15 Маусым 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

Құрлықтық жарыста жеңімпаз атанған команда әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Іріктеу кезеңінде Қазақстан волейболшылары «Б»тобында Таиланд, Индонезия және Қытаймен күш байқаспақ.

Алматының «Қайраты» өзінің жаңа бапкерін таныстырды. «Астон Вилла» мен «Портсмутты» жаттықтырған ұлыбританиялық Джон Грегори кезінде аты дүркіреген «Қайратты» жандандырамын деп отыр.

40 жыл бойы футбол саласында жүрген Грегори Англияның ұлттық құрамасы сапында да өнер көрсеткен. 1991жылдан бастап бапкерлік қызметттегі ол «Қайратқа» шақырғандығына шын жүректен қуанышты екенін айтты. Өз шәкірттерімен алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерген шетелдік маман өткен нәтижені артта қалдыру керектігін айтады, оған қоса алдағы «Астанамен» ойында команда барын салу керек деді. Дегенмен біріншілік аяқталғанша бірнеше ұпай қосып беруден артық қолынан ешнәрсе келмейтінін де жеткізді. 2013 жылға дейін келісім-шартқа отырған Джон Грегори Англиядан командаға тек көмекші әкелемін деп отыр, ал ойыншылар туралы әзірше жауап бермеуді жөн санады.

Джон Грегори, «Қайрат» ФК бас бапкері:

—  «Қайраттың» жағдайы қиын болмағанда, мен Алматыға келмес едім. Басты мәселе – турнир кестесінде сәл де болса, жоғары көтерілу. Команда басшылығы дер кезде өзгеріс енгізді деп ойлаймын. Осы жаққа келер бұрын «Қайрат» туралы бар ақпаратпен таныстым. Алматылық команданың беделі жоғары екені түсіндім, оны өз Отанымдағы «Ливерпульмен» салыстырар едім.

Алматыда қол добынан Халықаралық гандбол федерациясының кубогы үшін аймақтық турнир аяқталды. 21 жасқа дейінгі командалар арасында өткен қазақ еліндегі жарыста Өзбекстан, қытайлық Тайпей, Тайланд және Қазақстан құрамалары бақ сынасты.

Алаң иелері турнир барысында өткізген барлық ойынында жеңіске жетті. Жерлестеріміз алғашқы матчта Өзбекстан құрамасын 42:23 есебімен қапы қалдырса, кейін 41:27 нәтижесімен Тайланд ұжымын ойсырата ұтты. Ал қос ойында да жеңіске жеткен Қазақстан мен қытайлық Тайпей арасындағы ойын аса тартысты өтті. Бұл кездесуде де қазақ қыздары 39:28 есебімен алда болды. Ақтық сында қайтадан осы командалардың жолы түйісті. Жеңімпаз команда құрлықтық додадаға жолдама иеленетін болғандықтан, қос команда да беріспеді. Ойын барысында таразы басы үш рет теңесті. Дегенмен шешуші сәтте алаң иелері басымдық танытты. Есеп — 21:20. Құрлықтық сайыстан үздік шыққан командалар әлемдік додаға аттанады. 


Гүлнар Тұрлыханова, ҚР
Гандбол федерациясының президенті:

— Әлемдік жарыс қайда өтетіні белгісіз, осы жарыс біткеннен кейін қай мемлекет бірінші орын алған себебімен таңдайды.

Михаил Кукушкин Истбурндегі халықаралық турнирдің 2-ші айналымына жол тартты.

Алғашқы ойында ол тайвандық Лю Йен Сунды 6:3, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Осы жеңісімен жерлесіміз 6800 еуро мен әлемдік рейтингтегі  20 ұпайға ие болды. Кукушкиннің ендігі қарсыласы бүгін, серб Янко Типсаревич пен  британдық Джэймс Вард арасындағы матчта анықталады.

Уимблдоннан кейін көгалдағы беделді турнирлердің бірі Лондондағы жарыста британдық Энди Маррей чемпион атанды. Финалда ол француз Жо-Уилфрид Тсонгамен кездескен болатын.

 Жаңбырдың  салдарынан бір күнге шегерілген ақтық ойын аса тартысты өрбіді. Маррей соңғы кездері жарақатының кесірінен көп жарыстан тыс қалса, француз жеңіс жолында аянбай келген. Тсонгаға есе жібергендердің ішінде әлемнің  бірінші ракеткасы испандық Рафаэль Надаль да бар. Алайда финалда француздың жолы болмады. Алғашқы сетте 3:6 есебімен корт қожайыны жеңіске жетсе, келесіде тай-брейкке жүгінген теннисшілердің ішінен Тсонга үздік шықты, дегенмен  шешуші сетте 6:4 есебімен Маррей жеңісті жұлып әкетті. 

Соңғы жаңалықтар