Е. Ыдырысов: Қазақстан «ЭКСПО-2017» сәтті өтуіне барынша күш салуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е. Ыдырысов: Қазақстан «ЭКСПО-2017» сәтті өтуіне барынша күш салуда

Е. Ыдырысов: Қазақстан «ЭКСПО-2017» сәтті өтуіне барынша күш салуда

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас директоры Висенте Лоссерталеспен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 8 Қазан 2015
  • 503
Фото - Caravan.kz

Министр Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысында ХКБ-ның қолдауын жоғары бағалады және халықаралық қатысушыларды тарту, сондай-ақ беделді халықаралық алаңдарда «Болашақ энергиясы» тақырыбын ілгерілету бойынша қазақстандық тараптың атқарған жұмысы туралы әңгімеледі.

Қазақстан басшылығы «ЭКСПО-2017» дайындығына ерекше назар аударатыны туралы баса айтылды. «Қазақстан көрменің табысты өтуіне барынша күш салуда», — деді министр. Тараптар алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады.

Е. Ыдырысов В. Лоссерталесті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы сөйлеген сөзінің басты тезистерімен, сондай-ақ әлемдегі барлық мемлекеттерді «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырғанымен және Астанада БҰҰ қамқорлығымен «жасыл» экономиканы дамыту технологиялары мен инвестициялық жобалар жөнінде халықаралық орталықты ашу туралы ұсынысымен таныстырды.


Соңғы жаңалықтар