ЕЭО оған қатысушы елдердің ұлттық валюталарын күшейтуге мүмкіндік бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕЭО оған қатысушы елдердің ұлттық валюталарын күшейтуге мүмкіндік бермек

ЕЭО оған қатысушы елдердің ұлттық валюталарын күшейтуге мүмкіндік бермек

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы қатысушы елдердің ұлттық валюталарының девальвациясын туғызбайды,

  • 2 Маусым 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

деді Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

"Келісімге қол қойған соң рубльдің, не беларустік валютаның девальвацияға ұшырауына еш себеп жоқ деп санаймын. Керісінше, біздің экономикалық әлуетіміздің күшейтілуі біздің валюталарымызды күшейте түсуге, тұрақтандыруға ықпал етпек", деді ол Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоюға қатысты шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында.

"Дегенмен, біздің де валюта оқшау әлемде өмір сүріп жатқан жоқ қой. Ол басқа валютасы бар, ғаламдық рыноктары тұрақсыз әлемде қатар келе жатыр. Ғаламдық қаржылық дағдарысты ескерер болсақ,онда бұл факторларды есепке алуға тура келеді. Қандай да бір қиын жағдайлар туындағанда, бізге өз ара келісіп, экономикаларымыздың мүдделерін қорғауға тура келеді", деді ол.