Ефремов 8 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ефремов 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Ефремов 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Ресейлік актер Михаил Ефремов сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

  • 8 Қыркүйек 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Дереккөз мәліметінше, судья шешім қабылдаған кезде актердің төрт баласы, оның ішінде кәмелетке толмаған студент қызы және ол көмектесіп жүрген ересек балалары бар екенін ескерген.

Подъем Telegram-каналының мәліметінше, актер қайтыс болған тарапқа өтемақы ретінде 800 мың рубль төлеуге міндеттелді.

"Ефремов соңғы сөзінде кінәсін мойындады. Сот мұны кінәні ішінара мойындау және оны жеңілдететін жағдай ретінде қарау мүмкін деп санады", — делінген хабарламада.

Мұның алдында соттың Ефремовті кінәлі деп танығаны хабарланған болатын.


Еске салайық, ресейлік актер Михаил Ефремов 8 маусымда жол апатына себепкер болған. Салдарынан Сергей Захаров қаза тапқан еді.

Кейіінрек Сергей Захаровтың үлкен баласы актер Михаил Ефремовтен 6,5 миллион рубль өндіріп алғысы келетіні хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар