Егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды

Егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды

 

  • 20 Тамыз 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысында егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы және 149-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Ведомство мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Еске салайық, бұл оқиға 15 тамызда болған. Кейінірек оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болған еді.