Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оқыс оқиға сәрсенбі, 29 тамыз күні таңғы сағат 4.30-да Хургада-Каир трассасында орын алған.
Аударылып қалған көліктің ішінде Қазақстаннан барған 22 турист болған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2 қазақстандық Рас-Гариб елді мекенінің ауруханасына жеткізілді.
Қазақстан елшісінің іске араласуымен, жол апатынан зардап шеккен екі азамат жедел жәрдем арқылы Хургададағы “Аль-Мысри” емханасына жеткізілетін болады.
Басқа жолаушылардың жағдайы бірқалыпты. Олар да Хургададағы емханаға жеткізіліп, тексерістен кейін демалыс орнына қайтарылған.