EgyptAir ұшағының қара жәшігі қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EgyptAir ұшағының қара жәшігі қалпына келтірілді

EgyptAir ұшағының қара жәшігі қалпына келтірілді

Француз мамандары өткен айда Жерорта теңізінде апатқа ұшыраған EgyptAir әуе компаниясы ұшағына тиесілі қара жәшіктің бірін қалпына келтірді.

  • 28 Маусым 2016
  • 331
Фото - Caravan.kz


Апат себебін анықтаушы комиссия өкілдері онда лайнердің ұшу параметрлеріне қатысты ақпараттың барын растап отыр. Алдағы уақытта өздігінен жазу құралы Мысырға жіберіледі. Естеріңізде болса, 19 мамырда Парижден Каирге бет алған EgyptAir компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Келесі күні оның сынықтары Жерорта теңізінен табылған. Әуе кемесінің бортында отырған 66 адамның барлығы қаза тапты. Ал апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.  

Соңғы жаңалықтар