17 адам Еуропа мен АҚШ-та емделіп жатыр, деп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып Роспотребнадзор мекемесі хабарлады.
«ДДСҰ-ның ресми мәліметтеріне қарағанда, Батыс Африкада Эбола індетіне шалдыққандар саны 13 мың 268-ге жеткен. Соның ішінде 4960 адам көз жұмды. Эпидемия етек жая бастағалы бері 17 адам емделу үшін АҚШ пен Еуропаға жөнелтілді», — делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Гвинеяда індет тырнағына ілінген 1700 адамның мыңнан астамы көз жұмды. Либерияда 6600-ден астам адам сырқаттанып, 2700-ге жуығы мерт болды. Сьерра-Леонде Эбола жұқтырған 4800 адамның 1100-ден астамы, Малиде бір адам, Нигерияда 20 адамның сегізі, Сенегалда бір адам аталған індеттен көз жұмыпты.
Испанияда бір адам Эбола сырқатына шалдыққан. АҚШ-та аталған ауруды жұқтырған төрт адамның біреуі қайтыс болды.