Онда күніне індеттен қайтыс болған 10 қала тұрғынының денесі жағылады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС France Presseке сілтеме жасай отырып.
Батыс Африка елдерінің ішінде әсіресе, Либерия халқы Эбола індетінен көп зардап шегіп отыр. Бүгінгі күнде 972 адамға бұл ауру жұғып, оның 576-сы қайтыс болды.
«Крематорий қызметкерлері қайтыс болғандардың денесін ауруханаларға қайтадан қайтарып беруге мәжбүр. Себебі, олар күнде сонша адамның денесін өртей алмайды», — деді Либерия Қайырымдылық бөлімі бас хатшысы Фаях Тамба.
Сонымен қатар, ол бұл мәселені шешуге және елдегі ахуал одан сайын күрделеніп кетпесі үшін халықаралық ұйымдардан көмек сұрады.