Эбола індетіне байланысты Атырау әуежайында санитарлық бақылау күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эбола індетіне байланысты Атырау әуежайында санитарлық бақылау күшейтілді

Эбола індетіне байланысты Атырау әуежайында санитарлық бақылау күшейтілді

Африканың солтүстік-батыс бөлігінде өршіп тұрған эбола індетіне байланысты

  • 28 Тамыз 2014
  • 455
Фото - Caravan.kz

Атырау халықаралық әуежайында шетел азаматтарын санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.

Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқын қорғау комитетінің хабарлауынша, әуежайда TI-25 FLUR қондырғысы мен пирометр орнатылған арнайы бөлме ашылды.

Хабарламаға сүйенсек, халықаралық рейстермен ұшып келген азаматтардың бәрі санитарлық дәрігерлердің тексеруінен өтеді.

Атыраудағы мұнай компанияларына шетелден, соның ішінде Африкадан жұмысшылар келіп-кетіп жатады. Жыл басынан бері мұнда халықаралық рейстермен 22 мыңға жуық жолаушы жеткізілген.

Сондай-ақ. Қазақпарат агенттігінің жазуынша, Батыс Африкада Эбола дертінің тарауы күшейеді, деп есептейді АҚШ-тың аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығында.

Американың Денсаулық сақтау министрлігінің агенттік директоры Том Фриден індетпен күресу үшін біраз жұмыс істеу керектігін айтты.


Бейсенбі күні Ганада бұл мәселені талқылау үшін Батыс Африка елдерінің денсаулық сақтау министрлері кездеседі.   

ДДСҰ ақпаратынша, биыл Эбола дертінің салдарынан 1400 адам қаза тапты.

ДДСҰ өкілдері атап өткендей, бұл — тарихта болған Эбола індетінің ең ауқымдысы. Оның әсері 2600 астам адамға тиді.

Ең көп жапа шеккен — Либерия. Онда жыл басынан індет салдарынан 624 адам ажал құшты.