Бұл туралы кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.
Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, індет жұққызғандар саны 2240 адамды құрайды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы індет жайлаған аудандарға азық-түлік жеткізу бағдарламасын әзірлеу туралы мәлімдеді.
Індет Сьерра-Леоне, Либерия, Гвинея және Нигерияға таралған.
Эбола вирусы ауруға шалдыққан адамның қанымен, бөліп шығарған сұйықтықтарымен және ағзаларымен тікелей байланыс арқылы беріледі.