BBC хабарлауынша, компания жасап шыққан вакцина Бельгия мен Италиядағы зертханаларда дайындалды және бастапқы сынақтар нәтижесі бойынша қауіпсіз деп танылды.
Жиырма шақты ерікті азаматқа салынған вакцина дәрі-дәрмектің дозасын көбейткен кезде емделу мұүмкіндігі жоғарылайтынын әрі оның денсаулыққа кері әсер етпейтінін дәлелдеп берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде Эбола індетінен көз жұмғандар саны 5689-ға жетті. Тағы 16 мыңға жуық адам жұқпалы індет тырнағына іліккен. Бәрінен Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леон тұрғындары қатты зардап шегіп отыр. Вирус Гвинея аймағында белең алып барады, дейді мамандар.