«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында интернет қосылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында интернет қосылатын болды

«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында интернет қосылатын болды

«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында интернет қосылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2017
  • 209
Фото - Caravan.kz

Жолаушылар кең жолақты ғаламторға қол жеткізу үшін 1500-7500 теңгеге дейін ақша төлейді.

Әуе компаниясының корпоративті коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, «Боинг-767» бортында Inmarsat's Global Xpress (GX) Aviation желісімен жұмыс жасайтын Rockwell Collins кабиналық жүйесі орнатылды.

Жолаушылар бортта планшет, смартфон, компьютер қолдана алады.

Атап айтқанда, "Старт" пакеті 15 МБ — 1500 тг, "Бизнес" пакеті 50 МБ — 4500 тг, "Cупер" пакеті 100 МБ — 7500 тг болмақ.

«Компанияның басты міндеттерінің бірі — жаңа технологияларды енгізу, жерде болсын, көкте болсын жолаушылардың талап-тілегін орындау», — деді компания өкілі Андрей Гулев.


«GX Aviation — бұл борттағы кең жолақты интернет байланысын қамтамасыз ететін бірегей өнім. «Эйр Астана» мұндай қызметті әлемде кең фюзеляжды ұшақтарда бірінші рет енгізіп отыр», — деді Inmarsat Aviation өкілі Фредерик ван Эссен.

 

Соңғы жаңалықтар