«Эйр Астана» қазақ тілі үшін күресіп жүрген Оғыз Доғанның арызы бойынша істі қараусыз қалдыруды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» қазақ тілі үшін күресіп жүрген Оғыз Доғанның арызы бойынша істі қараусыз қалдыруды сұрады

«Эйр Астана» қазақ тілі үшін күресіп жүрген Оғыз Доғанның арызы бойынша істі қараусыз қалдыруды сұрады

«Эйр Астана» әуе компаниясы мен «Қазақ елі» журналының Қырғызстандағы тілшісі, Түркия азамат Оғыз Доғанның арасындағы сот отырысы тағы да кейінге қалдырылды.

  • 16 Қазан 2017
  • 1895
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Бүгін үшінші мәрте болған сот талқысында «Эйр Астана» әуе компаниясының өкілдері де келді. Оғыз мырзаның айтуынша, аталмыш компания заңгерлері дәйексіз сөйлеп, судьядан істі қараусыз қалдыруды өтінген.

— «Эйр Астана» әуе компаниясы Оғыз Доған бізге сотқа дейін ешқандай хат жазған жоқ деген өтірік айтып, істі қараусыз қалдыруыңызды сұраймын деген өтініш білдірді. Біз енді хат жазғанымызды дәлелдеуге тырысамыз,- деді Оғыз мырза.

Ал арызданушы тарапқа хат жазғаны рас болса да, оны дәлелдеуге тағы да уақыт кетіруге тура келеді. 

«Біздің хатты тапсырған баланың бір қателігі олардан хатты алдық деген сияты бір түбіртек қағаз ештеңе алмаған екен. Енді біз хатты бергенімізді басқаша дәлелдеуге тырысамыз. Болмаса, басынан бастаймыз, шаршамаймыз»,- деді қазақ тілі үшін күресіп жүрген түркиялық азамат.


Келесі сот отырысы қазанның 18-і күні өтеді.

Еске салсақ, Оғыз Доған тамыз айының ортасында «Эйр Астана» әуе компаниясынан өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етіп, соңы дауға ұласқан болатын. Осы себепті оны Алматы әужайында полиция бір сағат ұстап, артынша 6800 теңге көлемінде айыппұл салған еді.

Соңғы жаңалықтар