«28 қараша күні таңертеңгі сағат 08.50-де «Эйр Астана» әуекомпаниясының кең фюзеляжды Боинг-767 ұшағы Алматыдан Утапао (Паттайя) әуежайына бет алды. Сағат 19.50-де ұшақ Утапаодан Алматыға ұшуға тиіс болған, алайда шағын әскери әуежайдың көптеген рейстерге қызмет көрсетугеге қабілетсіздігіне байланысты лайнер жергілікті уақытпен сағат 00.00-де ғана әуеге көтеріле алды. 29 қарашада Алматы уақытымен сағат 06.00-де ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды, ұшақпен 160 жолаушы оралды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті