«Эйр Астана» Үндістанға ұшатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» Үндістанға ұшатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр

«Эйр Астана» Үндістанға ұшатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр

«Эйр Астана» Үндістанға ұшатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр

  • 7 Сәуiр 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

«Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясы 11 және 30 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге ұшатын рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда компания тұрақты рейстерді жалғастырады», — делінген ресми хабарламада. 

2019 жылдың 11-30 сәуір аралығында Қазақстанға оралатын жолаушыларға компания билеттері интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондалады. Немесе билеттерді сатып алған орында немесе компанияның брондау және ақпарат орталығы (сall.centre@airastana.com) немесе +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады. 

Еске сала кетсек, осыдан 2 ай бұрын Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе бағыттарына жабықтығына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели — Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған рейсі кейінге қалдырылған болатын. ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады. 


Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірге Үндістанға әуе қатынасын тоқтатпас үшін барлық шараларды қарастырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар