"Эйр Астана" ұшағы әуеге көтеріле бергенде құспен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Астана" ұшағы әуеге көтеріле бергенде құспен соқтығысты

"Эйр Астана" ұшағы әуеге көтеріле бергенде құспен соқтығысты

"Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы-Ақтау рейсін орындауға тиіс ұшағы жерден ұша бергенде құсқа соғылып, әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды ұлттық тасымалдаушы баспасөз қызметі.

  • 31 Шiлде 2017
  • 236
Фото - Caravan.kz

"2017 жылы 30 шілдеде "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы-Ақтау бағларлы КС 884 рейсін орындаушы Airbus A321 ұшағы ұшып бара жатқан кезде құспен соқтығысқан. Ұшақ Алматыдан 22:25-те ұшып шыққан. Ұшу қауіпсіздігі мақсатында экипаж ұшақты әуежайға қайтаруға шешім қабылдады. Ұшақ 23:40-та Алматы әуежайына сәтті түрде қонды", — деп хабарлады компания. 

Баспасөз қызметі атап өткендей,  әуекомпания инженерлері ұшақты тексеріп шығып, еш жері бүлінбегенін анықтады. 


Содан соң ұшақ Ақтауға 00.55-те аттанып кеткен.