«Эйр Қазақстан»-ның 51 пайыз акциясына канадалық «Бомбардьер» компаниясы қожалық етпек. Әлемге әйгілі бұл мекеме келер жылдың басынан елімізге КЮ-400 деп аталатын 10 ұшағын жеткізбек. Көлік және коммуникация министрлігі егер «Бомбардьер» нарыққа енсе, ішкі рейстердің құны біршама арзандайды деп сенеді. Оның үстіне нағыз монополиске айналған «Эйр-Астанаға» бәсекелес компания болмақ. Айта кетейік, «Эйр Қазақстан» компаниясы елімізде осыдан 15 жыл бұрын болған. Алайда 2004-ші жылы банкрот болып, соның базасында «Эйр Астана» әуе компаниясы құрылған еді. Енді сол «Эйр Қазақстанның» жұмысы қайта жанданбақ.