"Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің қызметкерлері жұмыстан шығарылуға байланысты жәрдемақысын әлі ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 511.18
  • 530.6
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің қызметкерлері жұмыстан шығарылуға байланысты жәрдемақысын әлі ала алмай жүр

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің қызметкерлері жұмыстан шығарылуға байланысты жәрдемақысын әлі ала алмай жүр

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің жойылуына байланысты 9-24 - наурыз аралығында жұмыстан босатылған қызметкерлер жұмыстан шығардағы жәрдемақысын әлі ала алмай жүр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдігінің директоры Вячеслав Карпычев хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 417
Фото - Caravan.kz

1-наурыздағы жағдаймен «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдік қызметкерлерінің алдындағы берешегі 4,5 млн. теңгені құрайды. Қазір өкілдіктің бұрынғы қызметкерлері қаңтардағы жалақысын алып жатыр. Ал ақпан және наурыз айындағы жалақы мен жұмыстан шығардағы жәрдемақы қашан берілетінінен филиал басшылығы бейхабар.

Бүгінде өкілдік штатында болған 200 қызметкердің материал жауаптанушылар санатындағы 20-сы ғана жұмыс істеп жүр. Араларында 50 ұшқышы бар басқа қызметкерлер түгелдей дерлік жұмыссыз. В.Карпычевтың айтуынша, жер үсті қызметінің мамандары өз бетімен жұмыс іздестіріп жатса, кейбіреулері Павлодар қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінуде.
Ал ұшқыштар болса Павлодар мен Өскеменде аймақтық әуе компаниясын құру туралы ұсыныс оң шешімін табар деген үмітпен әзірге жұмыс іздестіруден бас тартып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың ақпан айында өкілдік ұжымы «Ертіс-Авиа ӘК» ААҚ-ын «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-на біріктіру жөніндегі 2002-жылдың 13-ақпанындағы №1004-ші үкімет қаулысының күшін жоюды өтініп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен үкіметке хат жолдаған. Ұжымның ұсыныс хатында атап көрсетілгеніндей, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның Павлодарлық және Өскемендік өкілдігінің негізінде, сондай-ақ, 2002-жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның иелігіне өткен бұрынғы «Ертіс-Авиа ӘК» ААҚ-ының мүлік кешенінің негізінде тиімді жұмыс істейтін аймақтық әуе компаниясын құруға болады.
2004-жылдың 5-ақпанынан бастап «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдігі атқарып келген ұшу бағыттары «Скат» әуе компаниясына өткерілді.