Экология министрі су тапшылығына байланысты күріш егістіктерін азайту қажеттігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экология министрі су тапшылығына байланысты күріш егістіктерін азайту қажеттігін айтты

Экология министрі су тапшылығына байланысты күріш егістіктерін азайту қажеттігін айтты

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова еліміздің суармалы егіншілік дамыған оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы өткір мәселе екендігін айтт

  • 4 Шiлде 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы су шаруашылығы жағдайы шиеленіскен күйде қалып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап. 

"Бүгінгі таңда Жамбыл облысында мұздықтардың әлсіз еруіне байланысты Қырғызстан аумағындағы су қоймаларының аз мөлшерде толтырылуы алаңдайтын жағдай қалыптастырып отыр. Қырғызгидрометтің 2023 жылғы вегетациялық кезеңге арналған алдын ала болжамы бойынша, Қырғызстан аумағындағы су қоймаларының су мөлшері Шу және Талас өзендері нормадан 100-ден 120 пайызға дейін артады деп күтілді. Алайда келіп түскен су мен су қоймаларының толықтығына жүргізілген мониторинг болжамның расталмағанын көрсетеді. Қырғызстанның су ресурстары қызметінің мәліметінше, өзендердегі су құрамы нормадан екі есе төмен болды», — деді министр.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, Жамбыл облысында өңірді сумен қамтуға кері әсерін тигізетін бірқатар мәселелер анықталды.

"Бүгінгі күні нақты пайдаланылған суармалы жерлер туралы нақты деректер жоқ екені белгілі болды. Әкімдіктің мәліметінше, 181 мың гектар суармалы жер болса, биылғы жылы жасалған келісім-шарттар бойынша "Қазводхоз" тек 93,6 мың гектарды ғана сумен қамтамасыз етіп отыр. Жағдайды ескере отырып, бұл жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдарының сумен қамтамасыз етілуіне басымдық беріп, су айналымы мен суару тәртібін қатаң сақтау қажет», — деді ол.


Ал, Түркістан облысында Шардара су қоймасында су тапшылығы байқалады.

Сүлейменованың айтуынша, Қызылорда облысында да Шардара су қоймасындағы су тапшылығына байланысты шілдеде суармалы жерлерді, әсіресе күріш егістігін сумен қамтамасыз етуге қатысты апатты жағдай туындауда.

«2023 жылы 83,9 мың гектар алқапқа күріш егу жоспарланса, іс жүзінде 88,107 мың гектар алқапқа егілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға дерлік артық. Күріш егістіктерін азайту қажет. Су тапшылығына байланысты бассейндік инспекция тұрақты суару үшін суды пайдалану лимитін қысқартты», — деді ол.

Алматы облысы мен Жетісу өңірінде су шаруашылығының жағдайы жалпы алғанда тұрақты. Бұл аумақтардағы барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді, деді министр. Сүлейменованың айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда және министрлік су тапшылығы салдарын азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар