Экономикамызды тығырықтан шығару үшін халық белді бекем бууы қажет - кәсіпкер Павел Беклемишев - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикамызды тығырықтан шығару үшін халық белді бекем бууы қажет - кәсіпкер Павел Беклемишев

Экономикамызды тығырықтан шығару үшін халық белді бекем бууы қажет - кәсіпкер Павел Беклемишев

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Павел Беклемишев теңге бағамының теңсіздігін жою туралы ҚР Үкіметінің шешімін

  • 21 Тамыз 2015
  • 638
Фото - Caravan.kz


тығырыққа тірелген тұста, амалсыз жасалған қадам екендігін жеткізді. 

Оның айтуынша, әлемдік экономикамен интеграцияланып кеткен Қазақстан экономикасы үшін бұл — үлкен сынақ. 
«Шын мәнінде, Қазақстанда болып жатқан жағдай әлемдік экономикадағы күрделі ахуалдың бейнесін көрсетеді. Бұл біздің геосаяси кеңістігімізбен байланысты проблема. Қиындық туған кезде обьективті, субьективті себептерге сәйкес халыққа белді бекем буыңдар деп айтуға тура келді. Бұл экономикамызды тығырықтан шығарудың бірден-бір жолы», — деді П.Беклемишев. 
Айта кетейік, Қазақстан 20 тамыздан жаңа экономикалық саясатқа көшті. Ұлттық валюта — теңге еркін ағымға жіберіліп, инфляциялық таргеттеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар