Экономикасы дамыған елдер ішінде коронавирустан қатты зардап шеккен мемлекет белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикасы дамыған елдер ішінде коронавирустан қатты зардап шеккен мемлекет белгілі болды

Экономикасы дамыған елдер ішінде коронавирустан қатты зардап шеккен мемлекет белгілі болды

 

  • 27 Тамыз 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Экономикалық серіктестік пен даму ұйымы (ЭСДҰ) экономикасы дамыған мемлекеттер ішінде коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен ел Ұлыбритания екенін анықтады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөздің мәлімдеуінше, Ұлыбританияның жалпы ішкі өнімі биылдың екінші тоқсанында 20,4 пайызға төмендеген. ЭСДҰ құрамына кіретін 37 елдің экономикасы бірінші тоқсанға қарағанда 9,8 пайызға азайған. Ұлыбританиядағы экономикалық құлдырау тарихтағы ең ірі болып саналады, деп жазады BBC News. 

Сарапшылар экономикалық деңгейдің төмендеуін коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шараларымен байланыстырады.