Жарияланды: 270

ЭКСПО кезінде кейбір көліктер үшін шектеу енгізіледі

Астана қалалық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, ЭКСПО көрмесі кезінде Есілдің сол жағалауындағы төрт көшеде бірқатар шектеулер енгізіледі, деп ҚазАқпарат тілшісі.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу кезінде қаламыздың экологиялық жағдайына жағымсыз әсер ететін деректердіболдырмау мақсатында Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік ел, Ұлы Дала, Керей-Жәнібек хандары мен Тұрар Рысқұлов көшелері бойымен  жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Негізгі мақсат - көлік құралдарының кептелісін төмендету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, жақын арада елордадағы «Нұржол» бульварында көлікті жолдың бойында қалдыруға тыйым салынады. Ол жерде тек ақылы автотұрақтар болады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Астананың 24 көшесінде автобус жолақтарын енгізу жоспарланған. 


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін