«ЭКСПО» көрмесіне арналған киімдер түрмеде тігіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО» көрмесіне арналған киімдер түрмеде тігіліп жатыр

«ЭКСПО» көрмесіне арналған киімдер түрмеде тігіліп жатыр

«ЭКСПО» көрмесіне арналған киімдер қатаң тәртіптегі түрмеде тігілетін болды. Алматы облысының Жауғашты кентіндегі әйелдерге арналған ЛА-155/4 түзеу мекемесінде 300-ден аса жазасын өтеуші жаңадан ашылған кәсіпорында жұмыс істеп жатыр.

  • 31 Қазан 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz

Тізіліп тұрған мына киімдер «ЭКСПО» кешенін салып жатқан құрылысшылар үшін арнайы тігілген. Абақтыға қамалған 700-дей адамның 444-і ғана еңбекке жарамды болса, соның 320-сы осы тігін цехында жұмыс істейді. Олар кез-келген мамандық түрлеріне арналған киім үлгілерін, басқа да қолөнер бұйымдарын жасауға машықтанған. Ал жұмыс беруші кәсіпкер үшін мұнда тегін жер телімі беріліпті. Яғни кәсіпорын басшылығы тек жылу мен жарық, су секілді коммуналдық төлемдерден басқа ештеңеге шығынданбайды. Сондай-ақ, жұмысқа орналасқандар алған жалақыларын төлеп, жаза мерзімін азайта алады.

Барбол Рүстембеков, Алматы облысы прокуратурасының басқарма прокуроры:

-Келтірген залалдарын өтеп, соған сәйкес сотпен босатылуына мүмкіншіліктері бар.  Таңертеңнен 8 сағаттық жұмыс қалпы, айлықтары уақытылы алынады.